"Әділет" партиясы туралы жалған ақпарат тарады: Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады

Генеральная прокуратура РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2026 21:44 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 4 тамызда кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында "Әділет" саяси партиясының қызметіне жүргізілген тексеру нәтижелері мен анықталған заң бұзушылықтар туралы Бас прокуратураның атынан ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ведомство мұндай сипаттағы баспасөз хабарламасын жарияламағанын және "Әділет" партиясына қатысты аталған тексеруді жүргізбегенін атап өтті.

Көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бас прокуратура "Масс-медиа туралы" және "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңдарға сәйкес журналистер мен онлайн-платформа пайдаланушылары ақпараттың анықтығын тексеруге міндетті екенін еске салды.

Ведомство жалған әрі құқыққа қайшы ақпаратты таратпауға және Бас прокуратураның ведомстволық интернет-ресурсында жарияланған тек ресми хабарламдарға сенуге шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: