Найзағай, жаңбыр, аптап ыстық: 7 тамызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: unsplash
Батыс Қазақстан облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күн соңында облыстың батысында екпіні 15 м/с болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с болады. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 18 м/с болады. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады.
Павлодар облысының шығысында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында күндіз өткінші жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының орталығында түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавл қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.