Павлодарда жасөспірімдер қатарластарын аяусыз ұрып-соққан: барлығы видеоға түсіп қалған

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, перепалка, схватка, разборка, разборки, рукоприкладство, побои, конфликт, бой, борьба, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 22:30 Фото: pexels
Павлодарда бір топ жасөспірім кәмелетке толмаған екі балаға шабуыл жасаған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы ТВ" телеарнасының 2026 жылғы 6 тамыздағы мәліметінше, видео әлеуметтік желілерде тез тараған.

Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендердің бірі ауыр жарақат алған. Қазір ол мұрны сынған күйде облыстық балалар ауруханасында жатыр деген болжам бар.

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция мұндай заңға қайшы әрекеттер жасағаны үшін заңнамада қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

"Оқиғаға қатысушылардың және куәгерлердің барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға да қарау және құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: