Қазақстандық 65 жастағы көршісін ұрып өлтірді

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, перепалка, схватка, разборка, разборки, рукоприкладство, побои, конфликт, бой, борьба, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 15:02 Фото: pexels
Шымкентте екі көршінің арасындағы жанжал 65 жастағы ер адамның өлімімен аяқталды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнежазбадан жас жігіттің егде жастағы көршісіне бірнеше рет соққы жасап, оқиға орнынан қашып кеткенін көруге болады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісінің сауалына берген жауабында жәбірленушінің абайсызда қаза болуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мен оның көршісі арасында жанжал шығып, күдікті жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасаған.

"Жәбірленуші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Күдіктінің жеке басы ізін суытпай анықталып, ол ұсталды", – деп хабарлады Шымкент қаласының Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұған дейін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте, Таразда жергілікті аурухананың 29 жастағы қызметкерінің қатыгездікпен өлтірілуіне қатысты тергеу жүріп жатқаны хабарланған еді. Ер адамның қазасына байланысты құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: