Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлерден өтініштер қабылдау 10 тамыздан басталады

Қандас, тестілеу, емтихан, Қазақстан азаматтығын алу, 10 тамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2026 17:17 Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау 10-20 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Тестілеудің өзі 22 тамызда өтеді.

Тестілеу үш бөлімнен тұрады:

  • қазақ тілі бойынша тест (қазақ тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15;
  • Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 40 тапсырма, шекті балл – 20;
  • Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15.

Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 50.

Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут.

"Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі. Тестілеуге қатысу құны - 14 693 тг. Толық ақпарат testcenter.kz сайтында "Азаматтық алуға үміткерлерге" бөлімінде қолжетімді". Ұлттық тестілеу орталығы

Бұған дейін отандық ЖОО-лар қанша қосымша өзіндік білім беру грантын ұсынғаны белгілі болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: