Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндерге маңызды ақпарат жарияланды

Перепись населения, население, численность населения, население Казахстана, население РК, рост населения, рост населения в РК, рост населения в Казахстане, народ, казахстанцы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2026 15:10 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 3-10 ақпан аралығында Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлерге арналған тестілеуге өтінімдер қабылданады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, өтінімдерді Ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады.

"Тестілеу 11 ақпанда өтеді".

Тестілеу үш блоктан тұрады:

  • Қазақ тілі бойынша тест – 30 тапсырма, өту үшін минималды ұпай – 15;
  • Қазақстан Республикасының Конституция негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 40 тапсырма, өту үшін минималды ұпай – 20;
  • Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 30 тапсырма, өту үшін минималды ұпай – 15.
"Максималды ұпай – 100, өту үшін минималды ұпай – 50", – деп хабарлады орталық мамандары.

Жалпы тестілеудің ұзақтығы – 2 сағат 10 минут.

Мүгедектерге (мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға) тестілеуге қосымша 30 минут берілетінін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, ақылы тәжірибелік тестілеу өту мүмкіндігі бар. Оның құны – 3 355 теңге.

Ал толық тестілеуге қатысатындар үшін төлем – 14 693 теңге.

Бұған дейін Қазақстанда паспорт алу процедурасы жеңілдейді деп хабарланған болатын. Сонымен қатар, 2025 жылғы қазанда қазақстандық паспорттың жаңа дизайны дайындалатыны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: