Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндерге маңызды ақпарат берілді

ЕНТ, тестирование, тесты, экзамены, выпускной класс, выпускники школы, национальный центр тестирования, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2025 15:55 Фото: Национальный центр тестирования
2025 жылдың 16 сәуірінде Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасының азаматтығына түсуге үміткерлерге хабарландыру жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық орталық азаматтық алу үшін тестілеуге өтініштер 17-29 сәуір аралығында қабылданатынын хабарлады.

"Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Тестілеудің өзі 30 сәуірде өтеді", – делінген хабарламада.

Тестілеу үш блоктан тұрады:

  • тіл білімін бағалау жүйесінің бастауыш деңгейінде қазақ тілін білуді анықтауға арналған тест (қазақ тілінде) – 60 тапсырма, шекті балл – 36;
  • Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілдерінде) – 15 сұрақ, шекті балл – 9;
  • Қазақстан тарихынан тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 25 сұрақ, шекті балл – 15.
  • Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 60.

Тестілеу уақыты: 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі жандарға тестілеуге қосымша 30 минут беріледі.

Толығырақ ақпарат testcenter.kz сайтында "Азаматтыққа үміткерлер" бөлімінде берілген.

Дайындығын жақсартқысы келетін талапкерлерге тегін ("testcenter.kz сайтында "Азаматтыққа үміткерлер" бөлімінде) және ақылы ("app.testcenter.kz сайтында "Сынақ тестілеу" бөлімінде – 3355 теңге) сынақ тестілеуі ұсынылады.

Бұған дейін 2024 жылы Қазақстан азаматтығын алғандардың саны рекордтық аз екені белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: