Ақтөбеде құтқарушылар өртеніп жатқан дүкеннен үш газ баллонын алып шықты

Ақтөбеде құтқарушылар өртеніп жатқан дүкеннен үш газ баллонын алып шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2026 15:00 Сурет: видео скрині
Ақтөбеде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өртеніп жатқан дүкеннен үш баллонды алып шығып, өрттің одан әрі таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Асау Барақ көшесінде азық-түлік дүкенінің шатыры және оған жапсарлас орналасқан жеке тұрғын үйдің шатырының бір бөлігі өртенген.

Өрт 150 шаршы метрді шарпыды.

Құтқарушылар өрттің одан әрі таралуына жол бермеді. Өрт орнынан ТЖМ қызметкерлері әрқайсысының сыйымдылығы 50 литр болатын екі тұрмыстық газ баллонын және бір оттегі баллонын алып шықты.

Өрт толық сөндірілді. Қызыл жалынның шығу себебі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: