Алматыда Центральная көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Ремонт дорог, ремонт дороги, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 14:45 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Бостандық ауданындағы Центральная көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Алматы әкімдігінің ресми ақпаратына сай, 11 тамыз сағат 20:00-ден 15 тамызға дейін Кәкімбек Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы толығымен жабылады.

Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Бостандық ауданындағы Центральная көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 14:45

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілетін шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карталар" қосымшаларында жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: