Министр бірінші сыныпқа қабылдау қызметі туралы: жаңа сервисте бірде-бір ақау тіркелмеді

Интернет, сеть, цифровизация, цифровые технологии, digital, современные технологии, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 16:30 Фото: freepik
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 11 тамызда Үкімет отырысында QazTech платформасын енгізу қандай нәтиже бергенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, цифрлық сервистердің жұмысындағы ақаулар іс жүзінде жойылған.

"Жүйелерді QazTech платформасына көшіргеннен кейін цифрлық сервистердің жұмысында іс жүзінде ақаулар тіркелмеді. Бұған халыққа жыл сайын қолжетімді болатын бірінші сыныпқа қабылдау қызметін мысал ретінде келтіруге болады. Бұған дейінгі инфрақұрылым жүктемеге төтеп бере алмай, қызмет іске қосылған алғашқы күні-ақ істен шығатын. Соның салдарынан төрт жыл қатарынан халық арасында үлкен дүрлігіс болды", – деді Мәдиев.

Ол биыл бұл қызметтің Оқу-ағарту министрлігі және "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп QazTech платформасында қайта әзірленгенін еске салды.

"Қазір қызмет екінші ай қатарынан бірде-бір ақаусыз жұмыс істеп тұр. Бүгінде 365 мыңнан астам өтінім сәтті өңделді", – деді Мәдиев.

Бұған дейін Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі қайта қаралуы мүмкін екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: