Канье Уэст Алматыда: полиция концерт кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтеді

Центральный стадион Алматы, Центральный стадион в Алматы, ФК Кайрат, матч, футбол, футбольный клуб Кайрат, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 21:50 Фото: Zakon.kz
14 тамызда Алматының Орталық стадионында өтетін Канье Уэстің концертіне 40 мыңнан астам көрермен келеді деп жоспарланып отыр. Осыған байланысты полиция қауіпсіздік шараларын күшейтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрермендердің стадионға реттелген түрде кіруі үшін оның үш жағынан 40 кіреберіс қарастырылған. Билеттерді тексеру сағат 16:00-де басталады.

Стадионға кірер алдында тексеру жүргізіліп, аумаққа билет немесе аккредитациясы бар адамдар ғана жіберіледі.

"Біздің басты міндетіміз – концертке келетін әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кіреберіс тобын алдын ала анықтап, полиция қызметкерлерінің, қауіпсіздік қызметі мен еріктілердің нұсқауларын орындауды сұраймыз", – деді Тимур Ноғайбаев.

Концерт күні полиция стадион мен оған іргелес аумақта патрульдеуді күшейтеді.

Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер үшін қоғамдық көлік пен қосымша шаттлдар ұйымдастырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: