"Өрт қаупі артады". Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Өрт қаупі, аптап ыстық, ауа райы болжамы, 13 тамыз, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 21:01 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2026 жылдың 13 тамызында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 13 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады деп күтіледі.

Ұлытау облысында күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 13 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше, ал солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 13 тамызда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше, ал оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 13 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Қонаевта 13 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық болатыны болжанады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз өңірдің оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі, ал солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 13 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Астанада 13 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 13 тамызда күндіз 37-39 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Күндіз облыста 38-40 градус қатты ыстық болып, өңірдің батысында жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 13 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 13 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстігінде, орталығындағы екпіні 15-18 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі, ал солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 13 тамызда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің таулы аудандардағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 38-42 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі, ал облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 13 тамызда күндіз 38-40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, ал солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 13 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болып, өңірдің батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 13 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, ал облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Түркістанда 13 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Бұған дейін синоптиктер бейсенбіде, 2026 жылғы 13 тамызда еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатынын болжаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: