Мәскеулік туристер қымыз ішемін деп өлім аузынан қалды

турист, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2026 16:32 Сурет: ЖИ көмегімен жасалды
Ресейден келген туристердің жағдайы қазақстандық қымыздың дәмін татқаннан кейін, күрт нашарлап, өлім аузынан қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәскеулік апалы-сіңлілі қыздың оқиғасы Telegram-дағы Baza арнасында жарияланды. Белгілі болғандай, қыздар жергілікті мейрамханада қазақтың дәстүрлі сусыны қымыздың дәмін татпақ болған.
"Бірнеше ұрттам ішкеннен кейін-ақ екі қыздың беті ісініп, тамағы жыбырлай бастаған. Ресейлік туристердің тыныс алуы қиындаған", — делінген 2026 жылғы 12 тамыздағы хабарламада.
турист, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2026 16:32

Фото: Telegram/bazabazon

Қыздар дәріханаға жүгіріп барып, аллергияға қарсы дәрі сатып алған. Дәріні қабылдағаннан кейін олардың біреуінің жағдайы демде жақсарған. Алайда екіншісінің жағдайы керісінше нашарлай түскен. Ол ара-тұра тыныс ала алмай, денесіне бөртпе шыққан.

Сосын тұрғындар оларға көмекке келіп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер қыздың жағдайы қатты нашарлап кетпей тұрып, Квинке ісінуінің белгілерін бәсеңдетуге тырысқан.

турист, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2026 16:32

Фото: Telegram/bazabazon

Апалы-сіңлілердің айтуынша, дәрігерлер оларға қымызға жедел аллергиялық реакция деген диагноз қойған. Алайда бұған дейін олардың басқа да сүт өнімдерін тұтынғанда мұндай реакциясы болмаға екен.

Дәрігерлер ресейлік туристерге тағы бірнеше күн бойы аллергияға қарсы дәрі қабылдауды ұсынған.

Оқиғаның Қазақстанның нақты қай қаласында болғаны белгісіз.

Бұған дейін Қазақстаннан тағы бір Ресей азаматы — Ксения Гузаеваның елден шығарылып, оған Қазақстанға бес жылға кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Астана полициясының мәліметінше, желіде Fasoollka деген атпен танымал блогер әлеуметтік желілердің біріндегі тікелей эфир кезінде арандатушылық және әдепке қайшы пікірлер айтқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: