"Барыс" мәскеулік "Динамодан" жеңіліп қалды

Қазақстандық "Барыс" командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы бесінші ойынын Ресейде "Динамо" (Мәскеу) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Алғашқы минуттан шабуылға шығып, гол соғатын мүмкіндікті іздеді.
Ойынның 11-минутында елордалық клубтан Понтус Оберг мергендігімен көзге түссе, 15-минутта "Динамо" хоккейшісі Эрик О'Делл таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңде командалар есепті өзгертуге бар күшін салды. Нәтижесінде 28-минутта барыстық Аркадий Шестаков көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Ойынның 50-минутында қазақстандық командадан Нельсон Ножье басымдықты арттыра түсті. Алайда ресейлік клубтан Джордан Уил 54 және 56-минуттарда екі гол соғып, есеп теңесті.
Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда ресейлік клубтың жолы болды - 3:4.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript