"Барыс" ресейлік "Амурды" ұтып, турнирлік кестеде көш бастады

Хоккей, Астана, Барыс, Амур, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 22:38 Сурет: Instagram/barys_official
Қазақстандық "Барыс" командасы бүгін, 9 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын Ресейдің "Амур" (Хабаровск) командасына қарсы өткізіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол Шығыс конференциясы турнирлік кестесінде көш бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық команда 0:2 есебімен жеңіліп жатты. Кездесу барысында ресейлік хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан Олег Ли 19-минутта есеп ашса, одан кейін Сергей Дубакин 21-минутта басымдықты арттырды.

Алайда елордалық хоккейшілер бұдан кейін қатарынан қарсылас қақпасына үш шайбаны дөп соқты.

Алдымен Райли Уолш 29-минутта мергендік танытса, одан кейін Кирилл Савицкий 32-минутта таразы басын теңестірді. Ал 36-минутта Эмиль Галимов "Барысты" алға шығарды.

Бірақ көп ұзамай 41-минутта ресейлік клубтан Кирилл Петьков гол соқты.

Осылайша негізгі кезеңдегі есеп 3:3 болып, ойын овертаймға ұласты.

Овертаймда қос тарапты өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алмады. Буллиттен елордалық клубтың жолы болып, жеңіске жетті.

Енді "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда бұдан кейінгі бір ойынды 13 қыркүйекте Беларусьтің "Динамо" (Минск) командасына қарсы өткізеді. Ол да Астанада өтеді.

Бұған дейін "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ-дың жаңа маусымы алдында бір легионерінен қағылғандарын жазғанбыз.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: