"Барыс" уфалық команданы ұтып, ҚХЛ-дің плей-офф кезеңіне өтушілер тізіміне оралды
Сурет: Instagram/barys_official
"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын өз алаңында өткізіп, уфалық "Салават Юлаев" клубын ұтып кетті. Осылайша астаналық команда осы маусымдағы 12-ші жеңісіне қол жеткізіп, Шығыс конференциясы рейтингісінде сегізінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші кезеңнің 2-минутында Кирилл Савицкий ерекше көзге түсіп, "Барысты" алға шығарды.
Екінші кезең екі команда үшін де нәтижелі болмады. Тек үшінші кезеңнің 46-минутында Джереми Бракко есепті ұлғайтты. Ойынның 48-минутында қонақтар ойыншысы есепті теңестірді.
Алайда "Барыс" ойыншылары шабуылды үдетіп, Кирилл Савицкий мен Линден Вей қос шайба соқты. Осылайша елордалық команда 4:1 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, "Барыс" командасы 23 қарашада "Ак Барс" (Қазан) командасын өз алаңында қабылдайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript