ҚХЛ: "Барыс" аутсайдер командадан ұтылып қалды
Сурет: hcbarys.kz
Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық "Барыс" өз алаңында Шығыс конференциясында ең соңғы сатыға - 11-орынға жайғасқан Нижнекамсктің "Нефтехимигімен" ойнап, ұтылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қонақтар "Барысты" ұтып, ҚХЛ аясындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді.
"Барыс" пен "Нефтехимиктің" кездесуінде Андрей Белозеров алғашқы болып есепті ашты. Мұз айдын қожайындары бірінші кезеңде есепті теңестірді. Джереми Бракконың арқасында бұл мүмкін болды.
Екінші кезеңде "Нефтехимик" ойыншысы Андрей Чивилев тағы да ресейлік команданы алға шығарды. Есеп - 2: 1. Осы нәтиже матчтың соңына дейін өзгеріссіз қалды. Осылайша елордалықтар өз алаңында 1:2 есебімен ұтылып қалды.
"Барыс" (Астана, Қазақстан) - "Нефтехимик" (Нижнекамск, Ресей) 1:2 (1:1, 0:1, 0:0).
6 қазанда "Барыс" сырт алаңда Нижний Новгородтың "Торпедосымен" ойнайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript