Қатарынан бес рет жеңілген "Барыс" көптен күткен жеңісіне қол жеткізді
Сурет: hcbarys.kz
Өз алаңында Новосібірдің "Сибирь" командасын қарсы алған Астананың "Барысы" Құрлықтық хоккей лигасының матчында жеңіске жетіп, қатарынан орын алған бес жеңіліске ақыры нүкте қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық команда 3:1 есебімен жеңіске жетіп, бес матчқа созылған жеңіліс сериясын тоқтата алды.
Қазақстандықтар 9-шы минутта Джереми Бракконың арқасында есепті ашты.
Бірақ екінші кезеңде қонақтар тарапынан Вячеслав Основин шайба соғып, есепті теңестіре алды.
Матчтың тағдыры соңғы 20-шы минуттың соңында шешілді. "Барыс" командасының капитаны Линден Вейдің дәл соққысы алаң иелерін тағы да алға шығарды.
Соңғы ысқырыққа 20 секунд қалғанда бос қақпаға гол соққан Кирилл Савицкий Новосібір жанкүйерлерінің көңілін түсірді. Кездесудің қорытынды есебі: 3:1
Енді "Барыс" 3 қазанда өз алаңында "Адмиралмен" кездеседі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript