Алматыда Канье Уэсті күтіп алуға ұйымдастырылған іс-шара желіде қызу талқыға түсті
Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде долларлық миллиардердің келуіне орай тұтас бір қойылым ұйымдастырылғаны туралы видеолар жарияланды. Онда батырлар бейнесәндегі жігіттер мен ұлттық би билеп, дәстүрлі киім киген қыздар қонақты қарсы алған.
Видеожазбадан байқалғандай, Уэстің өзі қарсы алуға дән риза болып, тіпті кейбір сәттерді телефонына түсіріп алған. Ал оның әйелі Бьянка Цензори алғашында болған жағдайға сәл таңырқай қараған. Дегенмен ерекше күтіп алу оның да көңілін жібітіп, модельдің жүзінде күлкі пайда болды.
Желі қолданушыларының пікірі де екіге бөлінді. Бірі әлемге әйгілі жұлдызды қуана қарсы алса, енді бірі болған жағдайға таңданысын білдірді. Ал кейбірі тіпті наразылық танытты.
"Ол ішінен: "Бұл кімдер?" деп тұрған шығар".
"Қалай болғанда да, оған сәл кринж сияқты көрінеді".
"Ол басқа шоу-бизнес жұлдыздарының ұсынысынан кейін бізге келген сияқты".
"Олар да "мұнда не болып жатыр?" деп ойлап тұрған шығар".
"Спортшыларымызды осылай қарсы алса ғой".
"Олар, әрине, сәл шок болып тұр".
"Керемет, көпшілік бұл концертті асыға күтіп жүр".
"Маған бәрібір, тек қалада кептеліс болады".
"Бұл қойылым не үшін керек? Ол ақша табу үшін келді, неге өзімізді төмендетуіміз керек?"
"Оның кім екенін де білмеймін".
"Тауларыңда барып ән айтыңдар. Қалаға кедергі келтірмеңдер".
Канье Уэстің келуіне қатысты сынның өзіндік себебі бар. Себебі Алматының көптеген тұрғыны қалада көлік қозғалысына енгізілетін ауқымды шектеулерге наразылық білдіруде.
Алдын ала мәлімет бойынша, қозғалыс шектеулері сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін енгізіледі.
Уақытша шектеулер Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі бөлігінде болады.
Алматыдағы концертке байланысты уақытша шектеулер мен өзгерістер туралы мына сілтемеден оқуға болады.