Канье Уэстің концертінен кейін Алматыдағы стадионда қандай жұмыстар атқарылды
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 16 тамызда Алматы қаласының Спорттық нысандар дирекциясы әлемдік деңгейдегі шоудан кейін Орталық стадионда қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дирекцияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматының Орталық стадионында негізгі демонтаж жұмыстары аяқталған.
Аумақ босатылғаннан кейін мамандар футбол алаңын күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстарға кіріскен. Атап айтқанда:
- газонға су себілді;
- жабынның жағдайы тексерілді;
- қажетті агротехникалық жұмыстар жүргізілді.
"Газонның жағдайы тұрақты бақылауда. Қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін барлық жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ іс-шара өткізу шарттарында футбол алаңының сақталуына, қажет болған жағдайда оны қалпына келтіруге қатысты міндеттемелер қарастырылғаны белгілі болды.
"Егер қандай да бір зақым анықталса, қажетті қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырушы өз қаражаты есебінен жүргізеді", – деп нақтылады Алматы қаласының Спорттық нысандар дирекциясы.
Сонымен қатар қала тұрғындарына Орталық стадион алдағы спорттық іс-шараларға дайындық жұмыстарын жалғастырып жатқаны айтылды.
Еске салайық, 15 тамызда Алматыда америкалық рэпер Kanye Westтің көптен күткен концерті өтті. Ауа райының қолайсыздығы мен жарыққа қатысты мәселелерге байланысты кейінге шегерілген концерт соңында Орталық стадионда өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
