18 тамызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: pexels
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда таңертең және күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде түннің бірінші жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавлда түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр. Найзағай, бұршақ, күндіз дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі.