Қазақстанда 2026 жылы жалпы ұзындығы 1 574 шақырымды қамтитын үш жаңа жол салынады
Сурет: gov.kz
Олардың айтуынша, Қазақстанда 2026 жылы республикалық маңызы бар автожолдарды салу және қайта жаңарту бойынша 14 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың жалпы ұзындығы - 3,7 мың км.
Осы жобалардың қатары тамыз айында тағы үш ірі жобамен толықты. Олардың құрылысын бастауға президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 тамызда рұқсат берген.
Жаңа үш жол:
- Бейнеу-Сексеуіл – 800 км;
- Қызылорда-Сексеуіл – 462 км;
- Ұлғайсын-Сексеуіл – 312 км.
Үшеуінің жалпы ұзындығы — 1 574 км.
2026 жылы аяқталатын жолдар
Ал биыл жалпы ұзындығы 69,6 км болатын үш жоба аяқталады деп жоспарланған:
- "Рахман қайнары" — 27,7 км;
- "Петропавл – Ресей шекарасы" — 14,9 км;
- Атырау қаласының айналма жолы — 27 км.
2027 жылы аяқталатын жобалар
Тағы үш нысанды 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр:
- Қызылорда – Жезқазған — 208 км;
- Ақтөбе – Ұлғайсын — 28 км;
- Ертіс өзені арқылы өтетін көпір — 2,7 км.
Жалпы ұзындығы — 238,7 км.
Қазір салынып/қайта жаңартылып жатқан жолдар
2026 жылы мына жобалар бойынша жұмыстар жалғасуда:
- Сарыағаш қаласының айналма жолы — 102 км;
- Ақтөбе – Ұлғайсын — 234 км;
- Қарағанды – Жезқазған — 572 км;
- Қызылорда қаласының айналма жолы — 26 км;
- Орталық – Батыс — 896 км.
Негізгі мақсаты қандай?
"Бұл жолдардың құрылысы аяқталса: көліктердің өткізу қабілеті артады; жол жүру уақыты қысқарады; облыстар мен қалалар арасындағы байланыс жақсарады; жол қауіпсіздігі мен жайлылығы артады; жүк тасымалдау мүмкіндігі кеңейеді; Қазақстан арқылы өтетін транзиттік бағыттар дамиды", деп мәлімдеді ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің өкілі.
Қысқасы: Қазақстан 2026 жылдан бастап оңтүстік пен батысты, сондай-ақ орталық өңірлерді байланыстыратын бірнеше өте ірі автожол жобасын іске қосып жатыр. Ең ірі жаңа үш бағыттың өзі 1 574 шақырым болады.

