Сот залында Қайрат Рысқұлбековты фотоға түсірген тілші Юрий Беккер дүниеден озды
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
68 жасында белгілі қазақстандық фототілші Юрий Зельманович Беккер дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабармен 2026 жылы 19 тамызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі бөлісті:
"ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Юрий Зельмановичтің туған-туыстарына, жақын-жуығына, әріптестеріне, достарына және оны танитын барша қауымға қайғыра көңіл айтады. Юрий Беккер ұзақ жылдар бойы өз ғұмырын журналистикаға, Қазақстанның фотошежіресін жасауға арнады. Ол еліміздің қоғамдық, саяси және мәдени өміріндегі ең маңызды оқиғаларды, белгілі мемлекет қайраткерлерін, еңбек адамдары мен қатардағы азаматтарды түсірді. Оның фотосуреттері өз дәуірінің тұлғалары мен оқиғаларын болашақ ұрпақ үшін сақтай отырып, Қазақстанның заманауи тарихының бір бөлігіне айналды".
Юрий Зельмановичтің кәсіби жолының едәуір бөлігі "Казахстанская правда" газетімен байланысты болды. Соңғы күндерге дейін ол редакцияда жұмыс істеп, өз өмірін арнаған кәсібі мен ісіне адал болып келді.
"Әріптестері мен кәсіби қауымдастық өкілдері Юрий Беккерді дарынды фотожурналист, өте жауапты, принципшіл және үлкен кәсіби маман ретінде еске алады. Оның есімі жадымызда мәңгіге қалады", делінген құзырлы министрлік хабарламасында.
Zakon.kz редакциясы да Юрий Зельмановичтің туған-туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Айта кетсек, Юрий Беккер түсірген тарихи суреттердің бірі - 1987 жылғы желтоқсан оқиғасы, онда да (Қайрат Рысқұлбеков, Түгелбай Тәшенов, Жамбыл Тайжұмаев пен Ертай Көпесбаев) атақты төртеудің сотта басын тік көтеріп, ал судьяның төмен қарап тұрған суретінің авторы. Осы суреті үшін Беккер кезінде жұмыстан да қуылған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript