Танымал театр актері, сатирик Асқар Наймантаев дүниеден озды

Асқар Наймантаев, қаралы хабар, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2023 11:57 Сурет: Instagram/askar.naimantaev
Танымал театр актері, сатирик Асқар Наймантаев 59 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабармен Наймантаевтың достары әлеуметтік желіде бөлісті. Ол 59 жаста еді.

Бұған дейін бес күн бұрын актер желідегі жеке парақшасында "Отырған сол" деп жазып, аурухана төсегіндегі суретін жариялаған болатын. Денсаулығы нашарлаған өнер адамы жазбасы астына отандастарымыз тез сауығып кетуін тілеп, пікір қалдырып жатты...

Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев 1965 жылы, 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. Актер "Тамаша" ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал болды. Асқар Наймантаев "Терісқақпай", "Аққу-Гәкку" комедиялық театрларын ашқан. 2020 жылы Алматы облысы Райымбек және Ұйғыр аудандарында "Хантәңірі" және "Қарадала" театрларын ашты.

Ол - бірнеше пьеса, киносценарилер, тележобалардың, аудармалардың авторы,"Мұқағали атындағы сыйлықтың" құрылтайшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.  


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: