Магистратура грантының нәтижесі қашан жарияланады

 Студент, студенты, университет, университеты, вуз, вузы, абитуриент, абитуриенты, выпускник, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институт, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2026 20:55 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026-2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комиссия отырысында магистратураға грантқа үміткерлердің өтініштері қаралып, гранттар конкурс негізінде бөлінді.

Биыл конкурсқа қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп. Үміткерлер арасында ең көп сұранысқа ие бағыттар қатарында педагогикалық ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бар.

Магистратура грантының қорытындысы қашан шығады?

Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері 25 тамызға дейін жарияланады. Нәтижелерді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желілерінен білуге болады.

Ал магистратураға түсушілерді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: