Жаңа оқу жылында шетелдік студенттер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Жаңа оқу жылында шетелдік студенттер саны рекордтық көрсеткішке жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2026 15:48 Сурет: gov.kz
Биыл NU университет тарихындағы ең көп шетелдік студентті қабылдады. Жаңа қабылдау науқанымен бірге университеттің халықаралық географиясы да кеңейіп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл NU университет тарихындағы ең көп шетелдік студентті қабылдады. Жаңа қабылдау науқанымен бірге университеттің халықаралық географиясы да кеңейіп келеді. Қазір NU-да әлемнің 40 елінен келген студенттер білім алуда. Олардың қатарында АҚШ, Германия, Жапония, Қытай, Вьетнам, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары бар.

Жаңа оқу жылы қарсаңында жаңа студенттерге бейімделу және интеграция мәселелеріне, сондай-ақ оқу барысында қолжетімді қолдау мен ресурстарға арналған ақпараттық сессия ұйымдастырылды.

Студенттерге арнаған сөзінде NU-дың студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Қадиша Дайырова NU-дың құрылу тарихы мен бүгінде Қазақстанда және әлемнің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген түлектері туралы айтып берді.

"Біздің түлектеріміз кәсіби жолдарын әртүрлі бағытта қалыптастырды. Олар халықаралық ұйымдарда жұмыс істейді, өз компаниялары мен стартаптарын құрады, ал көпшілігі әлемнің жетекші университеттерінде білімін жалғастырып жатыр. Университетте оқудың алғашқы жылдарынан бастап сіздерді оның өміріне белсенді араласуға, тағылымдамадан өту және кәсіби даму мүмкіндіктерін іздеуге шақырамын. Дәл осы тәжірибе өз кәсіби жолдарыңызды қалыптастыруға көмектеседі". Қадиша Дайырова

Студенттерге NU-дың вице-президенті Әсел Увалиева да құттықтау сөзін арнады. Ол университетке оқуға түскен сәттен бастап шетелдік студенттер оның тарихының бір бөлігіне айналып, университеттің дамуына өз үлестерін қосатынын атап өтті.

"Осы сәттен бастап сіздер жай ғана NU студенттері емессіздер. Сіздер біздің тарихымыздың бір бөлігіне айналасыздар. Отандарыңыздағы достарыңызбен және жақындарыңызбен болған әр әңгіме, бөліскен әр сурет, әр тәжірибе мен әсеріңіз әлемнің әртүрлі елдерінде Қазақстан мен университет туралы түсініктің қалыптасуына ықпал етеді. Біз әлем бойынша серіктестіктерді дамыту бағытында көп жұмыс істейміз, халықаралық көрмелерге қатысамыз, болашақ студенттерге NU туралы айтып береміз. Алайда университет туралы біздің студенттеріміздің шынайы тәжірибесінен артық ештеңе айта алмайды".Әсел Увалиева
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: