Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, молнии, молния, гроза, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2026 18:23 Фото: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 23 тамызда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

Атырау облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қ.: жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында күндіз 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: