Атырауда сайлау күні ерекше атмосферамен өтіп жатыр

Атырауда сайлау күні ерекше атмосферамен өтіп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 14:30 Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырауда Құрылтай депутаттарының сайлауы азаматтардың белсенділігімен қатар, ерекше атмосферасымен де өтіп жатыр. Қаладағы сайлау учаскелеріне келген тұрғындар өз таңдауын жасап қана қоймай, түрлі шығармашылық бастамалар арқылы сайлау күнінің мазмұнын арттыруда.

Мәселен, №33 сайлау учаскесіне мультфильм кейіпкерлерінің образын сомдаған тұрғындар арнайы дайындалып келді. Ерекше костюмдер киіп, кейіпкерлер бейнесіне енген олар сайлаушылармен суретке түсіп, учаскеге келген азаматтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Атырауда сайлау күні ерекше атмосферамен өтіп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 14:30

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ал №8 сайлау учаскесінде 1990-жылдар стиліндегі фотозона ұйымдастырылды. Арнайы безендірілген алаңда тұрғындар естелік суретке түсіп, ерекше атмосфераны тамашалады. Бұл бастама әсіресе алғаш рет дауыс беріп отырған жастардың қызығушылығын тудырды.

Атырауда сайлау күні ерекше атмосферамен өтіп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 14:30

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, бұл учаскеге "JER ECO HUB" экологиялық бастамасының белсенді жастары келіп, өз таңдауларын жасады. Жастар сайлауға дейін қала аумағын тазарту акциясына қатысып, Тұрғындар қалашығындағы көпірден қала әкімдігіне дейінгі аумақты қоқыстан тазартқан.

Сайлау учаскелерінде жастардың белсенділігі де байқалады. Атыраулық Run club мүшелері топ болып дауыс беруге келіп, спортпен қатар қоғамдық өмірге белсенді араласудың маңызын көрсетті.

Атырауда сайлау күні ерекше атмосферамен өтіп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 14:30

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы, Атыраудағы сайлау учаскелеріндегі көрініс бүгінгі күннің азаматтар үшін тек дауыс беру рәсімі ғана емес, қоғамдық белсенділік пен ортақ жауапкершілікті сезінетін маңызды күн екенін аңғартады. Әртүрлі жастағы тұрғындардың сайлау процесіне қатысуы қаланың учаскелеріндегі қалыпты жұмыс пен белсенді қоғамдық көңіл күйді көрсетіп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: