Бибігүл Төлегенова, Айжан Нұрмағамбетова және басқа танымал тұлғалар сайлауда дауыс берді

сайлау жәшігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 17:43 Сурет: Zakon.kz.
Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Таңертеңнен бері сайлау учаскелерінде қала тұрғындары, танымал мәдениет қайраткерлері, белгілі спортшылар мен зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл күні миллиондаған қазақстандықпен бірге танымал мәдениет және өнер қайраткерлері де азаматтық таңдауын жасауда. Олардың көпшілігі үшін бұл — елдің болашағына қатысты ұстанымын білдіріп, өз пікірін кейінгі ұрпаққа жеткізудің мүмкіндігі.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова да дауыс беруге қатысты. Өнер иесі сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Ол азаматтық жауапкершілік пен әр адамның елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуының маңызын атап өтті.

сайлауда танымал тұлғалар дауыс берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 17:43

Сурет: Zakon.kz.

"Елінің болашағын ойлайтын әрбір қазақстандық сайлауға келіп, өзінің азаматтық ұстанымын білдіреді. Әр адамның шешімі маңызды, өйткені ол біздің балаларымыздың, өсіп келе жатқан ұрпағымыздың өмірімен байланысты. Біз енді өзімізді емес, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағын, еліміздің өркендеуін көбірек ойлайтын жастамыз. Сайлауға келген әрбір қазақстандықтың қабылдаған шешімі бәріміз үшін өте маңызды. Меніңше, өз таңдауымды жасау — менің міндетім әрі азаматтық ұстанымым", — деді әнші.

Қазақстанның халық әртісі, Алматы қаласының құрметті азаматы Бибігүл Төлегенова да сайлауға қатысты. Ол үшін дауыс беру үйінде ұйымдастырылды. Сайлау учаскесінің комиссия мүшелері Бибігүл Ахметқызының үйіне жылжымалы дауыс беру жәшігін алып барды. Ел үшін маңызды саяси науқанға қатысқанына ризашылық білдіріп, оған гүл шоғы табысталды.

сайлауда танымал тұлғалар дауыс берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 17:43

Сурет: Алматы қаласы ӨКҚ

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің кавалері, театр және кино актрисасы Лидия Кәден де сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.

Актриса үшін дауыс беру — азаматтық ұстанымын білдірумен қатар, әр адамның мемлекеттің болашағына деген жеке жауапкершілігін еске салудың мүмкіндігі.

сайлауда танымал тұлғалар дауыс берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 17:43

Сурет: Алматы қаласы ӨКҚ

"Мен әрқайсымыздың дауысымыз маңызды деп санаймын. Себебі біз елдің одан әрі даму бағытына әсер ететін шешім қабылдаймыз. Халықтың таңдауына Құрылтайда кімдердің біздің өкіліміз болатыны да байланысты. Еліміздің болашағы жарқын, халқымыздың берекесі мен бірлігі мызғымас болсын", — деді Лидия Кәден.

Актрисаның айтуынша, әсіресе жас ұрпақтың қоғамда болып жатқан процестерден шет қалмағаны маңызды. Оның пікірінше, елдің болашағы бүгін әр азаматтың жауапты шешімінен басталады.

Алматыдағы №125 жалпы білім беретін мектепте орналасқан сайлау учаскесінде танымал скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмиля Серкебаева дауыс берді.

Құрылтай, дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 17:43

Сурет: Алматы қаласы ӨКҚ

Ол үшін сайлауға қатысу — азаматтық борышын орындау ғана емес, елде болып жатқан жағдайларға бейжай қарамайтынын білдірудің мүмкіндігі.

Әнші Мақсат Базарбаев та Алматыдағы сайлау учаскесінде дауыс берді. Өнер иесі мемлекеттің тағдыры мен қоғамның болашағы азаматтардың белсенділігіне, бірлігіне және өз таңдауы үшін жауапкершілікпен қарауына тікелей байланысты екенін атап өтті.

"Сайлауға өте көп адам келіп жатыр. Мен бұған шын жүректен қуаныштымын, өйткені әр адам өз таңдауын жасап, ел өміріне үлес қоса алады. Елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын. Қазақстанымыздың абыройы арта берсін", — деді өнер иесі.
Мақсат Базарбай дакыс берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 17:43

Сурет: Алматы қаласы ӨКҚ

Мақсат Базарбаевтың пікірінше, сайлау — жай ғана бюллетень толтыру емес. Бұл — ел өміріне қатысу, оның ертеңгі күніне сенім білдіру және өз таңдауы үшін жеке жауапкершілік алуға дайын болу.

Бүгін қазақстандықтардың дауыстары біртұтас көрініске — өз даму бағытын айқындап жатқан елдің бейнесіне айналуда. Мәдениет және өнер өкілдері үшін бұл күн азаматтық ұстанымның сахнаға да, көрермен залына да қатысы жоқ екенін тағы бір еске салды. Ол әр адам өз таңдауын жасаған сәтте көрініс табады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: