Тоқаев Вучичпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2026 19:18 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Александр Вучич Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, Президент реформалары азаматтардың жоғары қолдауына ие болғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Сербия Президентіне ризашылығын білдіріп, елімізде қолға алынған ішкі саяси өзгерістер жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар Қазақстанның саяси жүйесіндегі ауқымды трансформацияның тарихи мәніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйін және даму перспективасын талқылады.

Тараптар екіжақты серіктестіктің орнықты динамикасына көңіл толатынын айтып, іскерлік байланыстарды нығайтуға және энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілетуге мүдделі екендерін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының сәтті өтуіне байланысты жылы лебіздерін жолдаған Ресей Президенті Владимир Путинге,Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевке, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға ризашылығын жеткізген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: