Алматы мен Алматы облысының шекарасында жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Алматы мен Алматы облысының шекарасында жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2026 11:01 Сурет: Zakon.kz
29 тамызға қараған түні "Мәдениет" шағынауданындағы Орталық көшеде жаяу жүргіншіні көлік қағып, адам қаза болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Honda Stepwgn көлігі Алматы облысынан Алматы қаласына қарай келе жатқан. Сол сәтте ер адам жолға кенеттен жүгіріп шыққан.

Алматы мен Алматы облысының шекарасында жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2026 11:01

Сурет: Zakon.kz

Алдын ала мәліметке қарағанда, жаяу жүргінші жолды белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен шамамен 60-70 метр қашықтықта кесіп өтпек болған.

Жүргізуші соқтығысуды болдырмауға тырысқанымен, қайғылы оқиғаның алдын ала алмаған. Соққыдан ер адам шамамен 10 метр жерге ұшып кеткен.

Алматы мен Алматы облысының шекарасында жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2026 11:01

Сурет: Zakon.kz

Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқан адамның жеке басы әзірше анықталған жоқ.

Оның жанынан құжаттары мен ұялы телефоны табылмаған. Қазір полиция қызметкерлері марқұмның кім екенін анықтап, оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр.

Алматы мен Алматы облысының шекарасында жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2026 11:01

Сурет: Zakon.kz

Айта кетейік, жолдың осы бөлігінде жаяу жүргіншілер өткелі туралы ескерту белгісі орнатылған.

Алматы мен Алматы облысының шекарасында жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2026 11:01

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ мұнда көлік жылдамдығына сағатына 40 шақырымға дейін шектеу қойылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: