Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Өтеген батыр көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Zakon.kz
Өтеген батыр көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Алматы әкімдігі берген ресми ақпаратқа сай, 31 тамыз сағат 22:00-ден 1 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады. Жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.
Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карты" қосымшаларында жарияланады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
