"Алты өңірде үсік жүреді". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Үсік, ауа райы болжамы, 3 қыркүйек, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2026 21:08 Сурет: magnific
Қазақстанның 17 облысында 3 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да 3 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Түнде облыстың шығысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Қарағандыда 3 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 2 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 2 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың шығысында, таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Түнде облыстың шығысында топырақ беті қатып, үсік жүреді, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді деп күтіледі.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да 3 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да 3 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Күндіз таулы аудандарда солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 3 қыркүйекте күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Қонаевта 3 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады, ал солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Оралда да 3 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 3 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында 3-4 қыркүйекте жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 3-4 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде және таңертең батыста, солтүстікте тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде үсік жүріп, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді деп болжанады. Павлодарда 3 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең батыста тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып, үсік жүреді, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында үсік жүріп, сынап бағаны 5 градусты көрсетеді деп болжанады. Өскеменде 3 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, шығысында үсік жүріп, сынап бағаны 3 градус суықты көрсетеді деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 3 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл тұрып, күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер 3 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірлерінде күн суытып, үсік жүретінін ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: