Ұлытау облысында заңсыз аң аулады деген күдікпен браконьерлер ұсталды
Фото: pexels
Ұлытау облысында "Браконьер" рейді кезінде полиция қызметкерлері мен "Охотзоопром" инспекторлары заңсыз аң аулады деген күдікпен төрт адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлытау ауданының Мибұлақ ауылдық округі аумағында полицейлер екі автокөлікті тоқтатқан. Көліктердің ішінен киіктерге тиесілі болуы мүмкін 23 жануардың ұшасы, 21 бас және 46 мүйіз табылды.
"Сондай-ақ 12 калибрлі оқтары бар екі тегіс ұңғылы мылтық, екі пышақ, екі ара және радиостанция тәркіленді. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды", – деп хабарлады Ұлытау облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript