Алматыда LRT жобасына байланысты тағы бір көшеде қозғалыс шектеледі

Машина, машины, авто, автомобиль, автомобили, дорога, дороги, транспортное движение, дорожное движение, дорожный трафик, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 19:36 Фото: Zakon.kz
Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 8 және 9 қыркүйек күндері сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Мәметова көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.


"Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карты" қосымшаларында жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: