Алматыдағы LRT: Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыдағы LRT: Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2026 17:44 Сурет: Zakon.kz
Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 7 қыркүйек сағат 23:00-ден 8 қыркүйек сағат 14:00-ге дейін Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады.

"Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карты" қосымшаларында жарияланады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жолдарға орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: