Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс үш күнге уақытша шектеледі
Сурет: Zakon.kz
Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Атап айтқанда, Өтеген батыр көшесінен Вилюйская көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағытындағы автокөлік қозғалысына тыйым салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл аумақта Төле би көшесінің солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
"Инженерлік желілерді көшіру жұмыстары 16-18 шілде аралығында жүргізіледі. Ал 18–20 шілде аралығында дәл осындай жұмыстар көшенің қарама-қарсы жағында атқарылады. Осы кезеңде реверсивті қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады. Жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтау ұсынылады".
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
