Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

2026 жылғы 9 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа орынбасарын облыс активіне таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2026 13:15 Сурет: gov.kz
2026 жылғы 9 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа орынбасарын облыс активіне таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қызметке Айдар Садырбаев тағайындалды.

Айдар Серікқазыұлы Садырбаев 1986 жылғы 25 қыркүйекте бұрынғы Семей облысы Жаңасемей ауданының Новопокровка ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін "Тарих" мамандығы бойынша тәмамдаған. Сол жылы еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Переменовка ауылындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған.

Әр жылдары Бородулиха ауданы мен Семей қаласының ішкі саясат бөлімдерінде нұсқаушы, жетекші және бас маман, басшының орынбасары және басшы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Семей қаласы әкімінің орынбасары, "AMANAT" партиясы облыстық филиалының төрағасы, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының ішкі саясат басқармаларының басшысы болған.


"Айдар Садырбаев жаңа қызметінде әлеуметтік саланы, сондай-ақ өңірдің ішкі және ақпараттық саясаты мәселелерін үйлестіреді", – деп хабарлады ШҚО әкімдігі.

Бұған дейін, 2026 жылғы 4 қыркүйекте Текелі қаласының әкімі тағайындалғаны хабарланды. Бұл қызметке 44 жастағы Айдос Бекетаев келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: