Қазақстан шекарасынан 252 мың тауық жұмыртқасы Ресейге кері қайтарылды
Фото: Министерство сельского хозяйства РК
Қазақстан мен Ресей шекарасында ветеринариялық ілеспе құжаттары жоқ 252 мың тауық жұмыртқасын ел аумағына кіргізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігі 11 қыркүйекте мәлімдегендей, "Жайсаң" ветеринариялық бақылау бекетінде Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының мамандары Ресейден Байқоңыр қаласына бағыт алған көлікті тексеру барысында жүкке қажетті ветеринариялық құжаттардың жоқ екенін анықтаған.
"Аталған заңбұзушылық бойынша тиісті акт пен әкімшілік хаттама толтырылды. Жұмыртқа партиясы Ресей Федерациясына кері қайтарылды", – делінген хабарламада.
Тасымалдаушыға ветеринариялық заңнама талаптары және бақылаудағы өнімдерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу тәртібі түсіндірілді
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript