Қазақстанның бірқатар өңірінде жел күшейіп, өрт қаупі сақталады
Фото: unsplash
Қарағанды облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 15-17 қыркүйекте облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Талдықорғанда 15-17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодарда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады.