Мас және жүргізу құқығынан айырылған: Жаңаарқада Mercedes-Benz жүргізушісі ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2026 20:10 Фото: polisia.kz
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші мас күйде қайтадан рөлге отырған. Полиция оны айналма жолда тоқтатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 13 қыркүйекте Жаңаарқа кентінің айналма жолында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Mercedes-Benz көлігін тоқтатып, 1997 жылы туған жүргізушіні тексерген.

Тексеру кезінде оның бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғаны, соған қарамастан алкогольдік масаң күйде көлік жүргізгені анықталды.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері өңірде көлікті алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруға қатысты 229 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және мас күйде көлік жүргізбеуге үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: