Түн ішінде музейге кірген қазақстандық ұсталды

Түн ішінде музейге кірген қазақстандық ұсталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 11:12 Сурет: pixabay
Көкшетау қалалық полиция басқармасына жергілікті музейлердің бірінің директорынан бөгде адамның түн ішінде ғимаратқа кіріп, мүлікке зиян келтіргені туралы арыз түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 12 қыркүйекте түнде болған. Белгісіз ер адам музей ғимаратына жертөледегі терезені сындырып кірген. Кейін ол техникалық бөлмеге бет алған.

"Нәтижесінде сымдар, пломбалар, датчиктер және басқа да жабдық элементтері зақымдалған. Сонымен қатар жылыту жүйесіне де зиян келтірілген. Қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, шығын шамамен 1 млн теңгені құрайды", – деп хабарлады Көкшетау қалалық полиция басқармасы.

Бүгінде қылмыс жасады деген күдікпен полиция 32 жастағы ер адамды ұстады. Қазір оның бұл іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ал Алматыда 56 жастағы ер адам қалалық аудандық полиция басқармаларының бірінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына арнайы қызметтер шұғыл түрде жіберілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: