"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2026 09:56 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстанның сегіз қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 қыркүйекте Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында және түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" таратқан ақпаратта айтылған.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – ауа райының қысқа мерзімді факторларының (желдің болмауы, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесуі. Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада болу уақытын, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздеріне жақын жерлерде, қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауаға шыққан кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: