Тоқаев Астана әкіміне ғимараттарға граффити салатындарға қатаң шара қолдануды тапсырды

Тоқаев Астана әкіміне ғимараттарға граффити салатындарға қатаң шара қолдануды тапсырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2026 14:48 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттардың қабырғаларына граффити салатын адамдарға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, мұндай жағдайларға еліміздің қалаларында жол бермеу керек.

"Шығармашылық" деген желеумен қоғамдық орындар мен ғимараттарды бүлдіруге болмайды. Мемлекет басшысы әлемде мұндай әрекеттер вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатынын атап өтті.

Тоқаев қоғамдық орындарды бүлдіретін граффитиге толық тыйым салуға бағытталған заңнамалық және нормативтік шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: