Тоқаев Үкіметке фаст-фуд жарнамасына қатысты мәселені мұқият зерделеуді тапсырды

Фаст Фуд, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2026 14:55 Сурет: pexels
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке фаст-фуд өнімдерінің агрессивті жарнамасына қатысты мәселені жан-жақты зерттеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы фаст-фудтың кеңінен жарнамалануы балалардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

"Тағы бір мәселе. Фаст-фудтың агрессивті жарнамасы қаптап кетті. Тез ішіп-желінетін тағам зиянды әдет қалыптастырады, денсаулық сақтау жүйесіне салмақ түсіреді, еліміздің еңбек күші әлеуетіне теріс әсер етеді", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында қант диабетіне шалдыққан 7 мыңға жуық бала бар. Олардың саны азаймай отыр.

"Бұл өте күрделі мәселе. Түрлі шетін тұстары, пікірталастарға негіз болған медициналық, тіпті саяси астары бар. Дегенмен Үкімет, ең алдымен, балаларымыздың саулығын ойлап, аталған проблеманың ұңғыл-шұңғылын мұқият зерделеуі керек", – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент көптеген елдерде құрамында май, қант және тұз мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасына шектеу қойылатынын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: