Президент үкіметке "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы" жобасын мұқият пысықтауды тапсырды

Алматы қаласында өткен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы" жобасын жан-жақты пысықтауды тапсырды., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2026 14:25 Сурет: akorda.kz
Алматы қаласында өткен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы" жобасын жан-жақты пысықтауды тапсырды.

Президенттің айтуынша, сенімді инфрақұрылым цифрлық экономиканың негізгі тіректерінің бірі болып табылады және оның маңызы энергетика мен логистика салаларынан кем түспейді.

"Есептеу қуатын, деректерді және байланыс арналарын бақылауда ұстау айрықша маңызды. Қазіргі заманда бұл тәуелсіздіктің басты қағидасына айналды деуге болады. Бізге жасанды интеллект пен "бұлтты" технологияларға арналған инфрақұрылымды дамыту қажет. Осы бағыттағы негізгі жоба – "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын" құру. Бұл экономикамыздың жаңа индустриялық тірегіне айналатын ауқымды кластер болады", – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, мұндай орталықтар кәсіпкерлер мен ғалымдарды есептеу ресурстарымен қамтамасыз етіп, елдің цифрлық әлеуетін арттырады. Сондықтан бұл нысандар стратегиялық актив ретінде қарастырылуы тиіс.

Президент Үкіметке жобаны халықаралық стандарттар мен жетекші компаниялардың талаптарына сай әзірлеуді тапсырды.

"Бұл жоба еліміздің нақты сұранысына сай әрі заманауи үрдістерді ескере отырып жасалуы керек. Дата-орталықтар – жай ғана цифрлық технологиялар көрмесі емес", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы киберқауіпсіздік мәселесінің ерекше маңызын атап өтті. Оның айтуынша, кез келген цифрлық инфрақұрылым қауіпсіздік талаптары сақталмаса, осал болуы мүмкін.

Президент дербес деректерді қорғау Конституцияда бекітілгенін еске салып, барлық цифрлық қызметтер құпиялық, тұтастық және қолжетімділік қағидаттарына негізделуі тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ ол мемлекеттік цифрлық қызметтердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі басты талаптардың бірі екенін атап өтті.

"Цифрлық қауіпсіздік бүгінде тек виртуалды кеңістік мәселесі емес. Қазақстанды цифрлық хабқа айналдыру міндеті тұр. Демек, біз осы талаптарға толық сай болуымыз керек", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: