Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңнен, өз ауылың мен қалаңнан бастау алады – Тоқаев

Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңнен, өз ауылың мен қалаңнан бастау алады – Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2026 14:57 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" жалпыұлттық жобасының маңызын атап өтіп, жастарды табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Мемлекет басшысы саябақта тал егу шарасына қатысып, мұндай жұмыстардың қоғам мен ел үшін маңызды екенін айтты.

"Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңнен, өз ауылың мен қалаңнан бастау алады", – деді Президент.

Тоқаев табиғатты аялау мен қоршаған ортаға қамқорлық жасау қазақ халқының дәстүрінде бар қасиет екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл – ата-бабадан қалған өсиет әрі аманат.

Президент "Таза Қазақстан" жобасының қоғамдық және тарихи мәніне де тоқталды.


"Біз экологиялық мәдениеті жоғары ел болуымыз керек. Бұл – мемлекетіміздің Конституциясында айқындалған аса маңызды міндет. "Таза Қазақстан" – жарқын болашағымыздың кепілі. Бұл – жай ғана ұран емес", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, өркениеттілік, жасампаздық пен ілгерілеу тазалық пен қоршаған ортаға жауапкершіліктен басталады. Ол атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы өскелең ұрпақтың қамы үшін жасалып жатқанын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: