Шымкент тұрғыны әлеуметтік желідегі балағат сөздері үшін жеті тәулікке қамалды

Шымкент тұрғыны әлеуметтік желідегі балағат сөздері үшін жеті тәулікке қамалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2026 17:24 Сурет: видео скрині
Шымкентте әлеуметтік желі қолданушысы TikTok-та балағат сөздер жазып, қоғамдық мораль нормаларын өрескел бұзғаны үшін жеті тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Шымкент тұрғынының TikTok-та балағат сөздер қолданғаны анықталған.

Құқық бұзушының Қызылорда облысының 23 жастағы тумасы Нұрболсын Жақсылық екені анықталды.

"Осы факті бойынша тиісті шаралар қабылданды. Сот шешімімен құқық бұзушы жеті тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды", – деп хабарлады полиция.

Полиция әлеуметтік желілерде қолданыстағы заң талаптарын сақтаудың маңызын еске салды. Қоғамдық мораль нормаларын бұзу және балағат сөздер қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: