Астанадағы Ботаникалық бақта әдепсіз әрекет жасаған шетелдік 15 тәулікке қамалды
Сурет: pixabay
Астанада қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған шетелдік азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ол Ботаникалық бақ аумағында көпшіліктің көзінше дәретін сындырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана полиция департаментінің мәліметінше, 38 жастағы шетелдікке қатысты әкімшілік жаза қолданылды.
Оқиға Ботаникалық бақ аумағында болған. Келушілердің жүргеніне қарамастан, ер адам көгалдың үстінде көпшілік алдында дәретін сындырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған әрі айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың жолын кесіп, азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырды.
Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін шетелдік 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Полиция қоғамдық әдеп нормаларын бұзатын кез келген әрекетке құқықтық тұрғыдан қатаң баға берілетінін еске салды. Ведомствоның мәліметінше, қоғамдық орындар азаматтардың демалысы мен бос уақытын өткізуіне арналған.
"Қоғамдық тәртіпті бұзудың әрбір дерегі дер кезінде тоқтатылады. Жазаның бұлтартпастығы – құқық бұзушылықтың алдын алу мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттарының бірі", – деп мәлімдеді Астана полиция департаменті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript