Тоқаев: Заңға бағыну мен еңбекқорлық озық ойлы ұлтқа тән құндылықтар

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 12:56 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде елімдегі ауқымды өзгерістер мен қоғамдық сананы жаңғырту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, Қазақстан тарихи әрі тағдыршешті кезеңге қадам басты.

"Ауқымды өзгерістер үдерісі билік тармақтарын жаңғыртумен тоқтап қалмайтыны анық. Біз Әділетті, Озық, Таза, Күшті Қазақстанды құру жолындағы кешенді жұмысты үздіксіз жалғастыра береміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы реформаларды табысты жүзеге асырып, елдің тұрақты өсіп-өркендеуіне берік негіз қалыптастыру қажет екенін айтты.

Оның сөзінше, бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен қоғамдық сананы өзгерту керек.

"Халқымыздың санасының өзегінде білімпаздық, ұқыптылық, жауапкершілік, еңбекқорлық қасиеттері тұруға тиіс", – деді Президент.

Тоқаев заңға бағыну, елге жанашырлық таныту, табиғатқа қамқор болу және тазалық сақтау озық ойлы ұлтқа тән құндылықтар екенін атап өтті.

"Себебі заңға бағыну, елге жанашыр болу, табиғатқа қамқор көзбен қарау, тазалықты сақтау – мұның бәрі де озық ойлы ұлтқа тән маңызды құндылықтар", – деді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, "Адал Азамат", "Таза Қазақстан", "Заң мен Тәртіп" бастамаларының негізгі мақсаты – осы құндылықтарды қоғамда түпкілікті орнықтыру.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: